“NetBet” ЖШС Бонус бағдарламасы - «Промокод бойынша Фрибет 6000 тенге»

1. Жалпы ережелер

  1. 1.1. Осы «Промокод бойынша Фрибет 6000 теңге» адалдық бонус бағдарламасында (әрі қарай - «Бағдарлама») қатысу шарттары (әрі қарай - «Шарттар») Бонус бағдарламасында қатысу шарттарын және тәртібін белгілейді.
  2. 1.2. Бағдарлама ұйымдастырушысы «NetBet (НэтБэт)» ЖШС болып табылады, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қ., С.Сейфуллин көш., 26/1 ғимарат. Хат алмасу мекен-жайы: 050046, ҚР, Алматы қ. Сәтбаев көш., 64Г, оф. 1. IIC KZ69914002203KZ0053Y, БСН 170140017744, букмекерлік кеңседе ойын бизнесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
  3. 1.3. Бағдарлама осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
  4. 1.4. Бағдарлама 00:00 02.02.2021 ж. басталып 23:59 31.05.2021 ж. аяқталады – Нұр-Сұлтан уақыты.
  5. 1.5. Бағдарлама Интернетте жүргізіледі.
  6. 1.6. Бағдарлама Ұйымдастырушы тарапынан біржақты ретпен, Қатысушыларды ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
  7. 1.7. Бағдарлама Ұйымдастырушы тарапынан ұзартылуы мүмкін, сонымен қатар Бағдарламаны ұзарту кезінде Ұйымдастырушы Бағдарлама Шарттарын өзгерте алады.

2. Терминдер және ұғымдар

  1. «Промокод бойынша Фрибет 6000 теңге» бонус бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) - Ұйымдастырушы ұсынатын Қатысушылардың қызмет алу белсенділігін қалыптастыруға және арттыруға арналған Ұйымдастырушы бағдарламасы.

  2. Жинақтау картасы - жинақтау картасында қамтитын (ағымдағы бонустар саны) ақпарат сақталатын, нөмірі Қатысушының Ойын шот нөміріне сәйкес келетін Бағдарлама Қатысушысының интерактивті картасы.

  3. Бонустар (Фрибет) - Бағдарламаға сәйкес Қатысушының жинақтау картасына қосылатын/шешілетін бонустар. Бонус – төлем құралы, кез-келген валюта түрі, электронды ақшалай қаражат болып табылмайтын, және оны мұндай деп санауға болмайды. Бонустарды Бағдарламаға сәйкес қолдануға болады.

  4. Қатысушы/Клиент/Ойыншы - 21 (жиырма бір) жасқа толған, Ұйымдастырушының ресми сайтында olimpbet.kz тіркелген, букмекерлік кеңсенің құмар ойындарына қатысушы, бәске қатысатын және Ұйымдастырушымен тәуекелге негізделген жеңіс туралы келісімге, Бағдарламаға қатысуға келісім берген жеке тұлға.

  5. Нәтиже - желіде көрсетілген оқиғаның нәтижесі.

  6. Ойын шоты - ставкалар жасалғаннан кейін және ұтыстар есептелгеннен кейін қаражат қалдығын көрсететін Қатысушының шоты.

  7. Бонусты есептеу - Қатысушының Ұйымдастырушы ресми сайтында іс-әрекеттер орындауына байланысты, нәтижесінде бонустар төленетін операция.

  8. Жойылған ставка - Ұйымдастырушы бәстен бас тартқан ставка.

  9. Ресми сайт - Ұйымдастырушының ғаламтор желісінде olimpbet.kz мекен-жайы бойынша орналасқан сайты.

  10. Бонустарды есептен шығару - Бағдарлама шарттарына сәйкес Қатысушы орындаған операция.

  11. Ставка- интерактивті ставка - Қатысушылар атынан букмекерлік кеңселердің интерактивті ставкаларын аудару бойынша есеп орталығынан электронды төлем құралдарын қолдану арқылы Ұйымдастырушыға жіберілген және Ұйымдастырушының ережелеріне сәйкес құмар ойынына қатысу шарты ретінде қызмет ететін қолма-қол ақша, сонымен қатар электронды ақша.

3. Бағдарламаға қатысу

  1. 3.1. Бағдарламаға қатысу ерікті болып табылады. Бағдарлама жария оферта шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушы Ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеу Ережелеріне және 28 тамыз 2009 ж. № 191- IV «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес букмекерлік кеңседе міндетті түрде толық идентификация рәсімінен өту қажет.
  2. 3.2. Бағдарламаға қатысу үшін, Қатысушы Бағдарламаның келесі шарттарын орындау қажет.
  3. 3.3. Жинақтау картасын іске қосу Қатысушының Бағдарламаға қатысуға келісімін алған сәттен бастап жүзеге асырылады.
  4. 3.4. Жинақтау картасы бонустарды есептеу үшін қолданылады.
  5. 3.5. Қатысушы тек бір Жинақтау картасына ие бола алады.
  6. 3.6. Бағдарлама бойынша алынған бонустар қосылмайды және басқа бонустық бағдарлама бонустарымен ескерілмейді.

4. Бонусты қосу. Есептеу тәртібі.

  1. 4.1. Осы Бағдарламаға сәйкес Ұйымдастырушының жаңа клиенттеріне бонустар келесі тәртіпте беріледі:
  2. 4.1.1.Бағдарлама аясында Ұйымдастырушының сайтына тіркелген кезде жаңа клиенттерге Ұйымдастырушының сайтында интерактивті ставка жасау үшін 6000 (алты мың) теңге (бұдан әрі - бонус) мөлшерінде қаражат беріледі.
  3. 4.2. Клиент осы ережелерге сәйкес бонустарды бір рет ала алады. Бонустар тек Ұйымдастырушының сайтында бұрын ставка жасамаған клиенттерге ғана беріледі, яғни егер осы Бағдарлама кезеңінде клиент өзінің ойын шотын жауып, содан кейін жаңа ойын шотын ашса, ойын шотын ашқаны үшін осындай клиенттерге бонус берілмейді.
  4. 4.3. Бонустар Жинақ картасына төленеді. Бонустарды Бағдарламаның 5.1. тармағына сәйкес қолдануға болады.
  5. 4.4. Бағдарламада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, бонустарды төлеу және пайдалану тек Бағдарлама әрекет ету мерзімінде мүмкін.
  6. 4.5. Бағдарламада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Бағдарлама аясында төленген бонустарды сату, басқа тұлғаға аудару немесе беру, немесе басқа жолмен пайдалануға болмайды.

5. Бонустарды пайдалану

  1. 5.1. Осы Ережелерде 4.1.1 тармағында көрсетілген бонусты сайтқа тіркелген күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде, осы Бағдарлама бойынша алынған және Жинақтау картасында орналасқан 6000 (алты мың) теңгенің бүкіл сомасына, 2-ден көп коэффициентімен тек қана дара немесе экспресс ставкаға қолдануға болады.
  2. 5.2. Бәс ұтқан жағдайда, Қатысушының Ойын шотына тек қана берілген бонусқа тең сома толтырылады.
  3. 5.3. Осы Бағдарлама аясында ұсынылған бонустар басқа бонустармен және Ұйымдастырушының арнайы ұсыныстарымен қосылмайды.

6. Қатысушы міндеттері және жауапкершілігі

  1. 6.1. Қатысушы Жинақтау картасындағы бонустар теңгерімін өз бетімен қадағалайды.
  2. 6.2. Идентификация және Бағдарламаға қатысу мақсатында Ұйымдастырушыға букмекерлік кеңседе тіркелу және Бағдарламаға қатысу үшін қажетті мөлшерде өзінің жеке мәліметтерін беру тиіс. Өзі туралы жалған (нақты емес, қате) мәлімет енгізілген жағдайда, сонымен қатар ескірген ақпарат уақытылы өзгертілмеген жағдайда, Қатысушы теріс салдардың туындау қаупін дербес өз мойнына алады.
  3. 6.3. Қатысушы Ойын шотының паролін сақтау және Ойын шотын басқаруға рұқсаты жоқ адамдардың рұқсатсыз кіруіне жол бермеу үшін жауап береді.

7. Ұйымдастырушылар міндеттері және жауапкершілігі

  1. 7.1. Ұйымдастырушы Жинақтау картаға бонустарды уақытылы төлеуді қамтамасыз етеді.
  2. 7.2. Ұйымдастырушы Бағдарламаны басқарады және дамытады.
  3. 7.3. Ұйымдастырушы Қатысушыға бонус теңгерімі өзгеруі, оған сәйкес арнайы ұсыныстар және науқандар туралы ресми сайтта ақпарат береді.
  4. 7.4. Ұйымдастырушы Қатысушылар тіркеу кезінде көрсеткен мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы.
  5. 7.5. Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Қатысушыны бұл туралы кез келген қолжетімді түрде хабарлай отырып, Бағдарламаға қатысуға жол бермеуге немесе Қатысушыны Бағдарламаға қатысудан шеттетуге, Бағдарлама Қатысушысының кез-келген әрекетін жарамсыз деп тануға, сондай-ақ, Ұйымдастырушыда оның қасақана ниетпен Бағдарламаға қатысу құқығын қолданатындығы (құқықтарды асыра пайдаланатындығы), деректерді бұрмалайтындығы немесе Бағдарламаға қатысу үшін қажет кез-келген деректерді бұрмалаудан пайда көретіндігі туралы күмән туғызған Қатысушыға Бағдарламаға одан әрі қатысуға тыйым салуға құқылы, соның ішінде, бірақ келесі әрекеттермен шектелмейді.
    • а) егер Қатысушы Ұйымдастырушы үшін, басқа Қатысушылар үшін және үшінші тұлғалар үшін әр түрлі жағымсыз салдарға әкеліп соқтырған немесе әкелуі мүмкін әрекеттерге ілінсе;
    • б) Қатысушының шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат берген фактісі анықталған жағдайда;
    • в) егер Қатысушы Ережені бұза отырып әрекет етсе.
  6. Ойыншы өз бетінше әрекет ете отырып, немесе бірнеше тұлға тобының құрамында осы Ережені бұзғысы келді немесе бұзды деп күдіктенген жағдайда, Ұйымдастырушы келесіге құқылы:
    • - Жинақтау картасындағы бонустардың сөзсіз жоюға;
    • - Ұйымдастырушының бонустық бағдарламаларына Ойыншының қатысуына тыйым салуға;
    • - Ойыншының Жеке кабинетін құлыптауға.
  7. Қатысушы Бағдарлама Ережелерін бұзған жағдайда Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша мұндай Қатысушыны Бағдарламаға қатысудан шеттетпеу және оны Бонустар алу мүмкіндігінен айырмау туралы шешім қабылдауға құқылы, егер мұндай бұзушылық елеулі емес және/немесе Қатысушымен қасақана емес және/немесе зиянды ниетсіз жасаған болса және жағымсыз салдарға әкеліп соқтырмайды деп есептесе.

8. Ұйымдастырушы келесіге жауап бермейді:

  1. 8.1. Қатысушыларды тіркеуге байланысты техникалық ақаулар, оның ішінде Қатысушы көрсеткен байланыс немесе басқа ақпараттың дұрыстығына, дәлдігіне және сенімділігіне;
  2. 8.2. Қатысушының нақты емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуына байланысты Қатысушымен байланыса алмауына, осыған байланысты және Ұйымдастырушыға тәуелді емес басқа себептер бойынша Қатысушыға Бонусты толтыру мүмкінсіздігіне.
  3. 8.3. Бағдарламаға қатысу процесінде Қатысушының қателіктерінің кез-келген салдарына, Қатысушылардың Ережеде тікелей көрсетілмеген Бағдарламаны өткізуіне және/немесе Бонустарға қатысты үміттері.

9. Жеке деректерді өңдеу

  1. 9.1. Бағдарламаға қатыса отырып, Қатысушылар Бағдарламаға қатысу мақсатында өздері ерікті түрде ұсынған ақпараттар және мәліметтер (оның ішінде жеке деректер) Ұйымдастырушымен, сонымен қатар, Ұйымдастырушы уәкілеттік берген басқа адамдармен, сондай-ақ, деректерді өңдеу автоматтандырылған құралдарын қолдана отырып «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына (бұдан әрі - «Заң») сәйкес өңделеді.
  2. 9.2. Бағдарламаға қатысу мақсатында Қатысушы берген жеке деректерді, оның ішінде байланыс ақпаратын (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Ұйымдастырушымен, оның ішінде сұрау салу, байланысты қолдау, жаңалықтар, оқиғалар, жарнамалық науқандар, оларды өткізу нәтижелері және ақпараттық және жарнамалық сипаттағы өзге де хабарламалар, қызметтік хабарламалар туралы хабарлауға SMS хабарламалар мен электрондық хат жіберу мақсатында өңделеді.
  3. 9.3. Дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылмайды.
  4. 9.4. Қатысушының Бағдарламаға қатысу фактісі Ұйымдастырушы және Ұйымдастырушы атынан қатысатын басқа серіктестерінің Қатысушының жеке деректерін Ережеде көрсетілген мақсаттарға және Ережелерде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте қажет кез-келген тәсілдермен өңдеуге келісімін еркін, нақты, ақпараттандырылған және саналы түрде білдіруі болып табылады.
  5. 9.5. Ережелерде жеке деректерді өңдеу автоматтандыру құралдарын қолдану арқылы немесе осындай құралдарды қолданбай жүзеге асырылатын, соның ішінде Ережелерде көрсетілген Қатысушылардың жеке деректерін жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділікке беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын білдіреді.
  6. 9.6. Қатысушылар Ұйымдастырушыға өз дербес деректерін ерікті түрде ұсына отырып, Заңда көзделген кез-келген әдістермен жеке деректерді өңдеуге және Ережелерде көрсетілген мақсаттармен осындай мәліметтерді таратуға келісімін растайды.
  7. 9.7. Қатысушының Ұйымдастырушыға Ережеде белгіленген тәртіппен Бағдарламаға қатысу үшін ескірген (дұрыс емес) және/немесе нақты емес (қате) деректерді ұсынуы, сондай-ақ кейіннен ескірген (дұрыс емес) және/немесе нақты емес (қате) мәліметтерді ұсынуы, Ұйымдастырушыны осындай Қатысушыға Бонус беру міндетінен босатады. Қатысушының толық емес, ескірген, дұрыс емес жеке деректерді ұсынуына байланысты Ұйымдастырушы өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді.
  8. 9.8. Бағдарламаға қатыса отырып, Қатысушы өзінің Ережелерде көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жеке мәліметтеріне қатысты құқықтарымен танысқанын растайды.

10. Қорытынды ережелер

  1. 10.1. Бағдарламаны Ұйымдастырушының және/немесе қосылма компаниялардың немесе Бағдарламаны ұйымдастырумен, дайындаумен және жүзеге асырумен өзгеше байланысты компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатыса алмайды.
  2. 10.2. Ережені екіұшты түсіндіруге мүмкіндік беретін даулы жағдайларда және/немесе ережелермен реттелмеген сұрақтар туындаса, мұндай түсіндіру және/немесе нақтылау туралы шешімді Бағдарлама Ұйымдастырушысының уәкілетті тұлғалары өз қалауы бойынша қабылдайды және ондай шешім нақты болып есептеледі.
  3. 10.3. Осы ережелермен реттелмеген ставкаларды қабылдау, ұтыстарды төлеу, Бонустарды алу мәселелері Olimpbet букмекерлік кеңесінде ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеу Ережелеріне сәйкес шешіледі.
  4. 10.4. Табиғи апаттар, өрт, су тасқыны, кез-келген сипаттағы әскери іс-әрекеттер, блокадалар, заңнамадағы елеулі өзгерістер, Ұйымдастырушының бақылауынан тыс басқа жағдайлар сияқты форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Бағдарлама Ұйымдастырушысы жауап бермейді.
  5. 10.5. Бұл Бағдарлама лотерея болып табылмайды, оған Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі No 495-V ҚРЗ «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының ережелері қолданылмайды.